11-18 сәуір аралығында мектепке дейінгі топ әдістемелік бірлестігінде өтіп жатқан "Ғажайып ғарыш" атты тақырыптық ашық күндер жоспары бойынша тәрбиеші Н.К.Тулеубаева
"Ғарыш кемесі" тақырыбында ашық сабағын өткізді.
Мақсаты: Балаларға зымыран, ғарышкер, аспан әлемі жайлы түсінік қалыптастырып үйрету. Зымыран бейнесін, түсті магниттік пішіндерден құрастырып, қағаздан қиылған шаршы, үшбұрыш пішіндерден кеңістікті бағдарлай отырып парақ ортасына ұқыпты таза жапсыруға және түсті ажыратып көрсетуге тәрбиелеу. Сабақ барысында "Көліктер", "Ғарышкер" дидактикалық ойындары ойналып, сөздердің мағынасы түсіндірілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/361-ashy-saba.html#sigFreeId11b856aee0