ҰСТАЗ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАУ

2022 жылдың 16 сәуірінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы» МКҚК және «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде  бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» мемлекеттік мекемесі
«Ы.Алтынсарин»  белгісінің иегері, ұлттық санаттағы судья, дене шынықтыру пәні мұғалімі К.З.Куженязовты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир өткізді.

Аз өмірінде көпке үлгі-өнеге болған, есту мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулып, жігерлендірген, тек мектептің ғана емес, облыстың  мақтанышы болған ұлағатты Ұстаздың құрметіне арналған шараға:
-  облыстық білім басқармасы басшысы Жолдас Батырхан;
- спорт клубының директоры Картанова Г.Н.;
– «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының дене шынықтыру бөлімінің басшысы Бұхарбаев Б.Х.
және Қ.З. Куженязовтың туыстары мен шәкірттері қатысты.

Тартысты дода қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында:
І орынды
АҚТӨБЕ ӨНДІРІСТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ;

ІІ орынды
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ N2 ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ;

ІІІ орынды
ҚОБДА АУДАНДЫҚ БІЛІМ бөлімі» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ЖАҢАТАЛАП МЕКТЕП-БАЛАБАҚШАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
командасы жеңіп алды.

Ересектер арасында:
І орын -
ҚОБДА АУДАНЫ, АСТРАХАН ОРТА МЕКТЕБІ түлектерінің командасы;

ІІ орын -

ЕСТУ ЖӘНЕ КӨРУ ҚАБІЛЕТІНДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ командасы;

ІІІ орын -
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ командасы жеңіп алды.

Директор Г. Шакенова жеңімпаздарды турнирге арнайы әзірленген мадақтамалар және кубоктармен марапаттады.
Жарысқа қатысқан барлық ойыншыларға алғыс білдіреміз.