10.03.2022 күні мектеп-интернат-колледж кешенінде С.Ермағанбетова "Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері" тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында оқушылар "Жемқорлық" сөзін қалай түсінетіндері туралы ойларын ортаға салды.

Көрнекіліктер және слайд бойынша,өмірде кездесетін оқиғалардан көріністер көрсетіліп, параның арты абақтыға апаратындығы толығымен түсіндірілді.
Пара берген адам да, пара алған адам да заң алдында бірдей жауапқа тартылатындығы айтылды.

Жалпы жемқорлықтың туу себептері талқыланды. Оқушылар оңай жолмен пайда табу, ақша беріп шаруаларын заңсыз шешу, жұмысқа жеңіл орналасу жемқорлыққа бастар жол екенін түсінді.

Сабақ соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлері талқыланды.