2022 жылдың 8 сәуірінде төтенше жағдайларда адам өмірінің қауіпсіздігі және қорғау бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің жоғары класс және колледж топтары оқушылары үшін Г.Мухамбетова, А.Тубетбаева, Р.Кульписова "Табиғи апаттар.Су тасқыны" тақырыбында конференция өткізді. Шара барысында Қазақстанда болған су тасқыны апаттары, су тасқыны кезінде әрекет ету шаралары туралы айтылды.