"Solve for Tomorrow» халықаралық байқауының жүлдегерлері біздің оқушыларымыздың жан-жақты дамуына, қоғамда еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтуға, барлық коммуникативті дағдыларын жетілдіре түсетін «Фиолетовый лес» әдістемелік құралын сыйға тартқан болатын. Сонымен қатар,
"Expo Sciences Mexico" халықаралық виртуалды олимпиадасының күміс жүлдегерлері Жаннұр Айип пен Данияр Чутенев «Брайль тақтасы» жобасымен нашар көретін және зағип жандарға арналған пернетақтаны ұсынды.
Шара соңында мектеп директоры Г.Шакенова болашағынан көп үміт күттірер ел мақтаныштарын ортаға шақырып, ерекше демеушілік жасап, оқушыларымыздың жанарына қуаныш пен мейірім ұялата білген Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына табыс тілеп, Алғыс хаттармен марапаттады.
https://sch.edu.kz/kz/247/334-ona-zhaj-2022-zhyldy-13-nauryz-k-ni-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebini-o-ushylary-mektebimizde-ona-ta-boldy.html#sigFreeId7b5be0e4fb