18-20 наурыз күндері Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай "150 игі іс" акциясы аясында педагогтар О.Руденко, Б.Қыдыралина, А.Койшибанова «Ақтөбе - құтты мекен" тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Оқушылар бойында туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезім ұялату, жаңа көзқараспен жаңашылдыққа баулу мақсатында ұйымдыстырылған көрмеге 5-10 класс және колледж оқушылары белсенділікпен атсалысты. Қаламыздың әсем жерлерінің шағын макеттерін ықыласпен жасап, шеберліктерін танытқан 6 "б" класы (жетекшілері О.Руденко, А.Койшибанова, Б.Қыдыралина) 7 «а» класы (жетекшісі Б.Маханова), 8 «ә» класы (жетекшілері Ж.Тоғызова, Қ.Нугуманова), 101 және 201-шаштараз мамандығының оқушылары (жетекшілері Г.Достанова, А.Тубетбаева, Г.Шағатаева) марапатталды. Көрмеге қойылған оқушылардың жұмыстары қаламыздың әсем мәдени ғимараттарының суреттерімен толықтырылды.
https://sch.edu.kz/kz/247/128-a-t-be-tty-meken.html#sigFreeIdba2d574ed2