Танымдық сағат
2022 жылдың 9 наурызында кітапхана залында жоғарғы буын әдістемелік бірлестігінің "Туған өлкем-Ақтөбем" атты апталық аясында тәрбиешілер Н.Жанболатова мен А.Жетібаеваның ұйымдастыруымен 9-10 кластар оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен "Ақтөбе, биік сенің мәртебең!" атты ашық танымдық ақпаратты сағаты заманауи интеллектуалды ойын түрінде өтті. Сабақтың мақсаты: Ақтөбе облысының орталығы,әсем көрікті қаламыздың мерейін асқақтатқан жаңа кешендер,әсем ғимараттар,танымал тұлғалар туралы кеңірек танып,білу. Сабақ өз деңгейінде өтті,оқушылар сабаққа белсене қатысты.