Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баласына үлгі. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала" деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі болғандықтан әке тәрбиесі қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.
Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу мақсатында 2022 жылдың 14 наурыз күні "Сана" ұлдар клубының жетекшісі Г.Ж.Сейтжапарованың ұйымдастыруымен "Тәрбиелі ұл - абыройлы әке" атты тренинг өткізілді. 1 "а" класс оқушысы
Қожан Мағжан мен әкесі Өтесін Қожанұлы қатысып, ер балалар тәрбиесіне қатысты пікір алысты.
https://sch.edu.kz/kz/247/332-t-rbieli-l-abyrojly-ke.html#sigFreeId064491ea4a