"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы"
онкүндігі
Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 2022 жылдың 01-11 ақпан аралығында "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті.
Мақсаты:Оқушыларға "Өзін-өзі тану" пәні арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, қоғамға пайдалы, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Мектеп бойынша онкүндіктің жоспары жасалып бекітілді. Әр бірлестік мүшелеріне тапсырмалар беріліп дер кезінде орындалды.
1ақпан күні мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Н.Тарасенкова, С.Таласқалиева және А.Тубетбаеваның ұйымдастыруымен онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында онкүндіктің жоспары таныстырылды.
Директор Г.Шакенова онкүндіктің ашылуымен құттықтап, іс-шараның жақсы деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Оқушылар "Балаға жүрек жылуы" бейнебаян тамашалап, әсерлерімен бөлісті. Интерактивті тақтада презентациялық слайдтар арқылы балалардың ерекшеліктері ескеріле отырып, нақты мағлұматтар берілді.
2 ақпан күні мектеп кітапханашысы Г.Жүнісова "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік пен білім беру бағдарлама авторы С.Назарбаеваның қызметі туралы "Мейірім төгетін ана" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
3 ақпан күні барлық класс тәрбиешілері «Балаға жүрек жылуы» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
4 ақпан "Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты туралы сурет,шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушының бойына рухани адамгершілік қасиетін дамыту. Мейрімділікке, сүйіспеншілікке, жаңашылдыққа, қамқорлыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге салынған суреттер, жасалған қолөнер бұйымдары эстетикалық талғамға сай жасалған. Көрмені ұйымдастыру барысында барлық оқушылар белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.
4 ақпан күні Бастауыш кластар бірлестігінің ұйымдастыруымен әр класта «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты рухани әңгіме сағаттары өткізілді.
7 ақпан күні оқушылар мектеп хореграфы М.Умбетова мен жоғары буын тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ризамын бүгінге» атты флешмобқа қатысты.Осы күні мектеп психологі Н.Сайнгалиеваның ұйымдастыруымен «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Қайырымдылыққа барлық мектеп ұжымы қатысты. Қайырымдылықтан жиналған барлық заттар аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары – 9 «а» класс оқушысы М.Бимашева мен 3 «а» класс оқушысы С.Әуездің жанұясына табысталды. Ата-аналар өз алғыстарын білдіріді.
8 ақпан күні есту қабілетін дамыту және сөйлеу тілін қалыптастыру пәнінің мұғалімдері «Алтын жүрек анамыз» атты онлайн форматында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Оқушылар Ана тақырыбында өлеңдер оқып, өзара сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Когисова Аружан мен Зарлихан Аяна жеңіп алса, ІІ орынға Сатыбалды Аянат, Төреғали Нұрислам, Ардақ Әділет лайық деп танылды. Алиева Айдана, Сапаргалиев Ильдар, Костромина Эльвира ІІІ орын иеленді. Жүлдегерлер марапатталды.
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында жоғары класс оқушылары эссе жазды.
9 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Тубетбаева колледж студенттері арасында «Адамға жақсы қасиеттер керек пе?» тақырыбында дебат үлгісіндегі пікірсайыс өткізді. Белгілі бір ойды жақтау немесе даттау арқылы өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу,сөздік қорын молайту,байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, адамгершілікке, ұжымдық жұмысқа, бір-бірінің ойын, көзқарасын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара барысында оқушылардың мүмкіндігіне сәйкес «Дебат» сөзіне түсінік беріліп, ойын тәртібі, талап, ережелері түсіндірілді. Студенттер қызығушылықпен қатысты.
10 ақпан күні бастауыш буын тәрбиешілер бірлестігінің және түзетім ырғағы пәнінің мұғалімі Н.Камилованың ұйымдастыруымен онкүндіктің жабылуына арналған "Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады" атты мерекелік концерт өтті. Балалар өз туған еліне, ата-анаға, бауыларына, достарына деген сүйіспеншілікпен әнге қосып, им-ишара тілінде әндер айтып, билер биледі. Мектеп директоры Г.Шакенова барлық ұйымдастырушыларға және онкүндік барысында белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдірді.
11 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Таласқалиева 3 ә класында «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз шамаларына қарай орындап, сабақты қызығушылықпен өткізуге атсалысты.
11 ақпан өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Тарасенкова 8 б класында «Жизнь, наполненная любовью»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта түрлі әдіс-әсілдерді пайдаланып, оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.
https://sch.edu.kz/kz/247/324-zin-zi-tanu-s-jispenshilik-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-21.html#sigFreeId14dd257752
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі С.А.Таласқалиева