"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ-де бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жас мамандарға арналған "Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ерекшеліктері" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында жас мамандар мен студенттерге "ҚМЖ жоспарлаудың тиімді жолдары" тақырыбында С.Е.Нұрғалиева баяндама оқыды.
А.Қ.Әлжанова Әліппе сабағынан "Ә дыбысы және әрпі" панорамалық сабақ көрсетті.
М.И.Рсалина " Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда математика пәнінен көрнекіліктер" көрмесін ұйымдастырды.