Әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайықты орын алатын егемен еліміздің болашағы, қазіргі қоғамның негізгі белсенді күші - жастар. Ел тағдыры - дені сау ұрпақ қолында. Жеке адамның да, қоғамның да ең басты байлығы – денсаулық екені сөзсіз, ал спортпен айналысу, салауатты өмір салтын ұстану – денсаулықтың кепілі.
Жастар бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы, намысты, айбынды болуға тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ қызметкерлері , колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша
І орынды мұғалімдерден құралған "Достық" командасы , ІІ орынды тәрбиешілерден құралған "Намыс" командасы, ІІІ орынды мектеп оқушыларынан құрылған "Айбын" командасы иеленді.
Жүлдегерлер кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!!!
https://sch.edu.kz/kz/247/315-krtmerekesineorai.html#sigFreeIdf3e4411127