2021 жылдың 25 қараша күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері мен педагогтары "Book-rossing"-жобасы бойынша "Кітапқа екінші өмір сыйла" атты үндеуімен қызықты кітаптарын табыстауға келді.
Олар оқушыларымызға ізгі тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді, біздің мектебіміздің оқушылары мен педагогтары да өз кезегінде алғыстарын білдірді. Оқушыларды сауатты, білімді болуға ұмтылдыру, білуге деген құштарлықтарын дарыту мақсатында
болашақта осындай жобалар өз жалғасын таба бермек. Бұған дейін де бірнеше кездесулер болды, Назарбаев зияткерлік мектебімен серіктестігіміз үзілмесін.
https://sch.edu.kz/kz/247/300-kitapkaekinshiomirsilla.html#sigFreeIda16a3eaed1