Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығында 26-30 қараша аралығында оффлайн режимінде үш күндік "Аттестатталушы педагогтың озық тәжірибесін жинақтау" атты облыстық әдістемелік практикум өтті. Әдістемелік практикумға "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ қызметкерлері (тәрбиешілер және пән мұғалімдері) қатысып, Е-портфолио порталының техникалық үйлестірушісі Б.К. Жуманиязованың "Е - портфолио жүйесін рәсімдеу талаптары", Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының әдіскері М.А.Раисованың "Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесі" тақырыптарындағы баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар әдістемелік -практикумның практикалық бөлімінде А.Балжанова, Г. Шотанова, Г.Шагатаева, Ж.Кусакбаева, В.Габитова, К.Нугуманова панорамалық сабақтар көрсетіп, кәсіби біліктілігін арттыру іс-шараларына белсенді қатысып, білімі мен шығармашылық шеберлігін танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.


@bilim_basqarmasy_aqtobe
@shkolainternatkoll