«Саналы  ұрпақ- жарқын  болашақ»

 

«Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеінде бұзылыстары бар арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ 2020 жылдың  30 қараша – 4 желтоқсан күндері аралығында жоғарғы буын оқушылары және колледж топтары  арасында    «Саналы  ұрпақ - жарқын  болашақ»  тақырыбында жоғарғы буын әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Өскелең ұрпаққа болашаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу мақсатында төмендегідей іс –шаралар  өткізілді:

30.11.20 ж. Апталықтын ашылуы WhatsApp  желісіне бейнеролик жіберу арқылы жоғарғы буын оқушылары мен колледж студенттеріне хабарландырылды. Бейнероликте оқушыларға апталық туралы ым-ишара тілінде толық ақпарат берілді.  

жоғарғы буын тәрбиешілері осы күні өз кластарында ”Ел болашағы – білімді ұрпақ” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарын өткізді.

 

 2.12.20ж. Колледж тәрбиешілері  Г .Карибаева,Г.Достанова(102топ), Г.Шагатаеваның(201топ)  ұйымдастыруымен “Мамандық таңдау –ертеңді ойлау”тақырыбында  дөңгелек үстел ZOOM платформасында өтті. Шара барысында оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтаын арттыру, ел болашағына деген сенімдерін нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақ-жауап арқылы бекітілді. Дөңгелек үстелге қатысқан мектеп түлектері – қазіргі таңда медициналық колледжде білім алып жатқан Дүйісбаева Г., Қанкелді Ж. қатысып, мамадықтың қыр-сыры, қиындығы мен қызығы туралы қызықты әсерлерімен бөлісті.

 3.12.20ж К.Қ.Мажикова, А.Б.Сансызбаев, А.М. Балжанованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасы бойынша “Менің елім – менің болашағым” атты  викториналық ойыны  өткізілді. Оқушылардың танымдық деңгейлерін арнықтау, ел тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды.  Сұрақтар мен бейнематериалдар ым-ишара тілінде түсіндіріліп, оқушылардың  белсенді қатысуы қамтамасыз етілді.

4.12.20ж Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және өз денсаулықтарын  күте білуге тәрбиелеу мақсатында Н.Жанболатова мен В.Габитованың ұйымдастыруымен ”Денсаулық – зор байлық” атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданған педагогтар мультимедиялық арнайы ойын дайындап, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыра білді.  Ойын өте жоғары деңгейде өтті.

Апталық барысында жоспарланған барлық іс-шаралар уақытылы жүргізілді. Болашаққа бағдар беруге бағытталған апталық өз мәресіне  жетіп, оқушылар пайдалы кеңестер алды. Қорыта айтқанда,  апталықта жоспарланған  іс-шаралар мағыналы өтіп , апталықтың тақырыбы, мазмұны ашылды.

 

Бірлестік жетекшісі Нугуманова К.С.