2021 жылдың 15 - 19 қараша аралығында орта буын тәрбиешілері ӘБ-нің "Қып-қызыл күз" ("Багряная осень") тақырыбындағы тақырыптық апталығы өтуде. Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа, табиғи әлемге деген белсенділігін арттыра отырып, танымдық қызығушылықтарын ояту, күзгі табиғаттың сұлулығын сезіне білуге уйрету, табиғатқа қамқор болуға,оны аялауға тәрбиелеу. 15 қарашада - апталықтың алғашқы күні мектеп фойесінде оқушылардың өз қолдарымен салған суреттерінен "Осенняя галерея" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Орта буын оқушылары сурет көрмесіне бар ықыластары мен ынталарымен, үлкен жауапкершілікпен қатысып, атсалысты. Жоспар бойынша 15 қараша күні бірлестік жетекшісі У.Б.Мендикулованың ұйымдастыруымен апталықтың ашылуына арналған шара өткізілді. Шара барысында балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап қонаққа келген Күз ханшайымы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, ойындар ойнатты. Шараға қызығушылықпен белсене қатысқан оқушыларға табиғат өзгерістерінің неге байланысты болып жатқаны түсіндірілді. Шара барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріліп, түзете-дамыту жұмыстары жүргізілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/293-k-z-aptaly-y.html#sigFreeIdf5090cc403