«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай 23-30 қараша аралығында онлайн режимінде бірыңғай  “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы” тақырыбында 5-8 класс оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Осы тақырыпта 9-10 класс оқушыларымен, колледж топтарында ZOOM платформасында талқылау жүргізілді. Сонымен қатар, мектептің инстаграм парақшасында "Әлем таныған Елбасы" бейнесюжеті, Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берді.

10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жылдық мерекесіне  орай  1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту, білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту, өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру мақсатында "Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік" бейнематериалы оқушылар назарына  ұсынылды.   

12 желтоқсан күні оқушылар арасында еліміздің әсем қалалары мен тарихи жерлерін насихаттау мақсатында "Тәуелсіз елім – Қазақстан" фотобайқауы ұйымдастырылып, нәтижесі мектептің @shkolainternatkoll инстаграм парақшасында жарияланды. Байқауға барлығы 25 оқушы қатыстырылып,  ең әдемі сурет иелері диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

Тұрмантаева Ж.Б.