«Отбасы – бақыт мекені»
Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған « мектеп-интернат-колледж» кешені КММ 2020 жылдың 23- 28 қараша аралығында бастауыш кластар әдістемелік бірлестігінің пәндік - әдістемелік апталығы өтті.Апталық басталмас бұрын апталық жоспары құрылды. ЗУМ платформасында әдістемелік бірлестік отырысы ұйымдасты-рылып, апталық жоспары талқыланып бекітілді. Апталықтың тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені».
Мақсаты: Қашықтықтан оқытудағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту-дағы отбасы тәрбиесі ,өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсін-діру. Отбасы арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Апталық жоспары:
1)Апталықтың ашылуы
2) Ашық сабақтар
3) Сергіту жаттығулар
4)Отбасы сурет көрмесі
5) Апталықтың жабылуы
Апталықтын ашылуы балалардың отбасымен түскен қызықты суреттерінен жасалған видео роликпен ашылды.
Алдағы күндері апталық мұғалімдердің ашық сабақтарымен жалғасын тапты. Әдебиеттік оқу, айналадағы орта, математика, орыс тілі, дүниетану пәндері бойынша ашық видео сабақтар өткізілді. Видео сабақтарды ЗУМ платформасы және ватцап желісі арқылы өткізіп, мектептің инстаграм парақшасына жіберіліп отырды.
https://sch.edu.kz/kz/247/244-aptaly-zhospar.html#sigFreeIdf28167b4f7
Бұл апталық барысында мұғалімдер өздеріне тапсырылған міндеттерін аса жауапкершілікпен орындады.Әлемде болып жатқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқытудағы кездескен қиыншылықтарды жеңе білді.
Мұғалімдер оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып,оқушылардың қашықтықтан білім алуға деген қызығушылығын тудырып, өз шығармашылықтарын шыңдап педагогикалық шеберліктерін көрсете білді.Оқушылар әр пән бойынша алған білімдерін көрсете білді.
Бұл бастауыш кластар бірлестігінің мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі және де ата-аналардың түсіністік танытып балаларының білім алуына бірлесе жұмыс жасауы арқасында келген жетістік деп білемін.
Бірлестік жетекшісі Қасенова Ж.Н.