Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінде тіл онкүндігі өткізілуде. Осыған байланысты тіл онкүндігі аясында бастауыш кластар оқушыларының қатысуымен "Болашақ ұрпақ көзімен" атты сурет көрмесі қашықтықтан ұйымдастырылып өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті насихаттау, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуге, өз елін, жерін, туған тілін сүюге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында өткен шараға бастауыш класс оқушылары қызығушылықпен атсалысты.
Бастауыш кластар әдістемелік бірлестік жетекшісі Ж.Н.Касенова