Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің 7-8 класс оқушыларымен тәрбиешілер Жетібаева Анар Қарпыққызы және Ермағанбетова Светаның ұйымдастыруымен "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 1 желтоқсан мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында өткен сабаққа арнайы бейнеролик дайындалды. Сабақ барысында Қaзақстaн Рeспyбликасының Tұңғыш Президeнті күні - 1 желтоқсaнда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке екендігі, оның бекітілу тарихына тоқталды: 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстaн Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» зaңнамасына қол қойылды. Бұл күнді атап өту Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жeтicтіктeрiн тaну мaқcaтымен ұйымдacтырылғандығы оқушыларға түсіндірілді. Елін сүйген, елі сүйген Елбасының көпке үлгі өнегелі өмір жолынан мағлұматтар берілді. Сабақ соңында «Астана» телеарнасы дайындаған «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмдер топтамасының «Жаңғыру жолы» фильмі көрсетіліп, оқушыларға мазмұны мен фильм ерекшелігі жете түсіндіріліп, сұрақ-жауап әдісімен бекітілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/237-elin-s-jgen-eli-s-jgen-elbasy.html#sigFreeId6226547ce4