Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Кәсіптік бағдар беру – әрбір оқушының өзіндік жеке қабілетті мен бейімділігін ескере отырып, мамандық таңдауға бағыттау мақсатында атқарылатын жұмыстар.
«Мектеп-интернат-колледж» кешеніндегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері:
- Есту мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғмға араласа алу қабілеттілігін арттыру;
- жеке ерекшеліктеріне қарай мамандық түрлерін игеруге бейімдеу.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспар құрылып, педагогтар мамандыққа бейімдеу бағытында іс-шаралар жүргізуде.