«Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасын талқылау

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне байланысты еліміздің мәртебесін биік көтеретін, рухын асқақтататын «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасы ұстаздар мен білім алушылардың назарына ұсынылды.

16.11.2020 жылы «Тәуелсіздіктің 7 қыры» топтамасы бойынша «Парасатты шешім» деректі фильмін талқылау мақсатында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге «Қазақстанның ядролық қарусыз державаға айналуындағы Тұңғыш Президент- Елбасының рөлі» тақырыбында мәжіліс залында 201 тобының кураторы Г.Исмагилова, Б.Дуйсеналина, Г.Шагатаеваның ұйымдастыруымен класс сағаты өткізілді.