«Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында онлайн-семинар

 

2020 жылдың 13 қараша күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ-де «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында ата-аналарға арналған «Зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Шараны мекеме директоры Қ.А. Даутова ашты. Мекеме басшысы тақырыптың өзектілігі туралы айтты. Семинарға «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ директоры Г.С.Биржанова қатысып, «Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс» тақырыбында баяндама жасады, ал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция лейтенанты Е.Ф.Бақытжанова ата-аналарға «Тұрмыстық зорлық–зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №214-ІV Заңдарының баптарынан түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мектеп психологі С.Т.Нурушева мен әлеуметтік педагог М.А.Раисова ата-аналарға қатыгездікпен зорлық-зомбылықтың салдары мен алдын алу жолдары туралы кеңес берді.
Онлайн-семинар соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.