Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде бастауыш буын тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен  2020 жылдың 25 сәуір – 4 мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Бейбіт күн жасасын  әлемде!» атты қашықтықтан  сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: тарихта есімдері қалған ұлы батырларымызды дәріптеу, ардагерлердің ерлік істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұту, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу; ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ояту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Аталған байқауға 0-4 кластар аралығындағы 24 оқушы қызығушылықпен қатысты. Оқушылар суретті жас ерекшеліктеріне қарай және кейбір балалар ата-аналардың көмегімен салған. Жеңіс  тақырыбына сай, бояулардың түрлі типтерін қолдана отырып оқушылар салған суреттер  сан алуандығымен ерекшеленді.   

Қашықтықтан ұйымдастырған сурет байқауының нәтижесі төмендегідей:

І орын: Махамбет- Садык Б, Сатыбалды А, Жомартов Н, Аманчин Р, Шымбергенова Т, Ковалевский А.

ІІ орын: Анварбеков Д, Муханбетжан Б, Копинос С, Садуақасов М, Шахабаев Ш, Сакен Ж, Кудрявцев Я, Байжанов Ә, Бисенгалиев Н.

ІІІ орын: Салыкова А, Нұржанов К, Уразалиева Ж, Есенғали Н, Байгабылова А, Абдиров А, Мақсатқызы Ж, Сапаргалиев И, Когисова А.

Осы байқаудың өткізізілуін назарда ұстаған тәрбиешілер Гайсагалиева А, Абдирашова А, Жетпісова К. арнайы бейнеролик дайындап, әлеуметтік желіге, яғни мектептің инстаграм парақшасына жариялады. Еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан өткізілген байқаудың жеңімпаздары дипломдарын мектеп қалыпты жағдайға көшкен кезде алатындығы хабарланды.

Аталған байқау бастауыш класс оқушыларының әлеуметтік өмірге араласа алу қабілетін оятып, ата-ана мен ұстаздар арасындағы байланысты  нығайтып, оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қзығушылықтарын арттырды.

 

Тажбенова Л.Ж.

Бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің жетекшісі