Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған  арнайы «мектеп – интернат- колледж» кешенінде 2020 жылдың 2-6 наурыз аралығында бастауыш кластар әдістемелік бірлестігінің  апталығы болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың  жоспары құрылып, әдістемелік бірлестік отырысында  талқыланды және бекітілді.

 

Апталықтың тақырыбы:  «Көктем таңғажайыптары»

 

Мақсаты:Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру; көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын  кеңейту, табиғатты сүюге, қоршаған ортаны  қорғауға, адам еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Апталық жоспары:

1.Апталықтың ашылуы    «Көктем таңғажайыптары»

2.Ашық сабақтар

3.Апталықтың жабылуы   «Көктем аруы»

Апталықтың бірінші күні үлкен үзіліс кезінде мектеп кітапханасында ашылу салтанатты болды.Бұл іс-шара «Көктем таңғажайыптары» деп алынып, балаларды көктемнің алғашқы белгілерімен бейнероликтен көрсету арқылы таныстырылды. «Көктем» қонаққа келіп, балалармен әр түрлі тапсырмалар орындап,ойын ойналды. Ашылуына жауапты мұғалімдер: Ж.Н.Касенова, А.К.Әлжанова, Г.Т.Давлеткереева қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оята білді.

 

Құрылған жоспар бойынша мұғалімдер ашық сабақтарын белгіленген уақытта өткізді.Мұғалімдер сабақтарында инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолданып, жүйелі құрылған, сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты. Сабақтарға бастауыш класс мұғалімдері,мектеп әкімшілігі,тәрбиешілер, ДАҚ және ЕҚД мұғалімдері қатысып, әдістемелік қоржындарын толықтырды.

 

Ершекенова З.К  өткізген  ознокомление с окружающим миром  пәні  ашық сабағының тақырыбы: «Полезные и вредные продукты»

 

 

Обучение грамоте. Тема: «Написание слогов и слов с буквой «Щщ» Ермуханова Ш.А в  1 «Б» классе;

 

 

Қазақ тілі. Тақырыбы: «Жіктеу есімдігінің жіктелуі»  4 «А» класы  Турашева У.О;

 

 

Математика. Тема «Решение уровнений на умножение и деления» Акшулакова А.А в  2 «В» классе

 

 

Математика. Тақырыбы: «Апта күндері» Нургалиева С.Е. 3 «Ә»  арнаулы класы

 

 

Айналамен таныстыру. Тақырыбы: «Көктем мезгілі» Касенова Ж.Н. 1 «А» класы

 

 

Қазақ тілі. Тақырыбы: «Зат есім» Даулетова И.З. 2 «А» класы

 

Литературное чтение.  Тема: С.Михалков «Будь человеком»Г.Б.Нурмашева в 4 «Б» классе.

Русский язык. Тема: «Прилагательное» Рсалина М.И в  4 «Б» классе;

 

Апталықтың жабылуы 8-наурыз аналар мерекесімен тұспа- тұс  келгендіктен 1 «В», 3 «Ә»,    3 «А»,4 «А», 4 «Б» класс қыздарының арасында «Көктем аруы» сайысы ұйымдастырылды. Разакова С.Т.,Достанова Г.Е. және ағылшын пәні мұғалімі Курманова К.И. өткізген сайыс   балаларға өте  қызықты болды.Сайысқа қатысқан аруларымыз әр түрлі қол моторикасын, есту және сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды орындай отырып, номинацияларға ие болды.Сайысқа оқушыларын қатыстырған мұғалім және тәрбиешілер әр оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, мүмкіндіктеріне сай дайындық жұмыстарын жүргізе білді.

Аталған апталық барысында мұғалімдер өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап,оқытудағы жаңа әдіс тәілдерді кеңінен  қолдана білді,оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды,өз шығармашылықтарын шыңдап педагогикалық шеберліктерімен танылса, оқушылар әр пән бойынша білім деңгейлерін көрсете білді. Бұл бастауыш кластар бірлестігінің мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі,өзара ынтымақтастықпен жұмыс жасау нәтижесі деп ойлаймын.