Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде 03-12 ақпан аралығында "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті.

Мақсаты: Оқушыларға "Өзін-өзі тану" пәні арқылы рухани адамгершілік тәрбие мен білім беру. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, қоғамға пайдалы, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Мектеп бойынша онкүндіктің жоспары жасалып бекітілді. Әр бірлестік  мүшелеріне тапсырмалар беріліп дер кезінде орындалды.

3 ақпан күні мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Н.Тарасенкова, С.Таласқалиева және А.Төбетбаеваның ұйымдастыруымен онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында онкүндік іс шара жоспары таныстырылды. Директор Қ.Даутова онкүндіктің ашылуымен құттықтап, іс-шараның жақсы деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. С.Назарбаеваның өмір жолы, еңбек жолы, жасаған ізгі істері туралы айтылды.

"Балаға жүрек жылуы" атты С.Назарбаеваның өмірі, өмірлік қызметі туралы түсінік беріліп, бейнебаян тамашаланды.  Интерактивті тақтада презентациялық слайдттар арқылы балалардың ерекшеліктері ескеріле отырып, нақты мағлұматтар арқылы Сара Алпысқызының "Бөбек" қорын құрып, жетім балаларға жәрдемдескендігі, "Өзін-өзі тану" пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға екендігі әңгімеленді.

 

 

         

"Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты туралы сурет,шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушының бойына рухани адамгершілік қасиетін дамыту. Мейрімділікке, сүйіспеншілікке, жаңашылдыққа, қамқорлыққа баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге салынған суреттер, жасалған қолөнер бұйымдары эстетикалық талғамға сай жасалған. Көрмені ұйымдастыру барысында барлық оқушылар белсененділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.

 

 

4 ақпан күні мектеп кітапханашысы Г.Жүнісова "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік пен білім беру бағдарлама авторы С.Назарбаеваның қызметі туралы "Кәусар бұлақ" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    

 

 

6 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.Төбетбаева колледж студерттерімен "Сен де бір кірпіш дүниеге " атты балалар үйінің тәрбиеленушісі және мектебіміздің түлектерімен кездесу кешін өткізді. Қонақтарға студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара әңгімелесті.

   

       

    

7 ақпан күні психолог Г.Борамбаева "Жылы жүрек - жақсы тілек" атты тренинг өткізді.

 

           

Осы күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Тарасенкова 5-8 орыс кластарының оқушыларымен бірге "Жизнь посвящённая людям" атты танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Мұғалім сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.

 

 

 

10 ақпан күні гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдері оқушыларға "Менің достарым" және  "Алтын жүрек анамыз "тақырыбтарына эссе жазғызды. Оқушылар өздерінің достары, достық қарым-қатынас, аналары туралы жазған еңбектерін бағалап, жақсы орындаған оқушылардың шығармалары мектеп фойесіне ілінді. Және де бастауыш класс білестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Алтын жүрек анамыз" атты ашық хат жасау акциясы өтті. Оқушылар өз қолдарымен аналарына түрлі ашық хаттар жасады.

 

 

     

11 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мүғалімі С.Таласқалиева "Балаға жүрек жылуы " атты 1-4 қазақ кластарының оқушылары арасында танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Қазақстанның бірінщі ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары туралы түсініктерін кеңейту. Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Оқушылар белсенді қатысып, өздеріне берілген тапсырмаларды қазығушылықпен орындады.

 

 

 

Осы күні мектебіміздің хореографтары М.Умбетова мен Ж.Жалғастың ұйымдастыруымен "Қайырымдылық жер бетінде" атты флешмоб  өткізілді.

 

 

 

12 ақпан күні бастауш буын тәрбиешілер бірлестігінің және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады" атты мерекелік концерт және он күндіктің жабылу салтанаты өтті. Мектебіміздің оқушылары ым-ишара тілінде және жанды дауыста әндер айтып, би биледі. Мектеп директоры Қ.Даутова сөз алып барлық ұйымдастырушыларға және он күндік барысында белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдірді.

     

 

 

 Таласқалиева Сая

 өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі