Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ 2020жылдың 24-28 ақпан аралығында орта буын әдістемелік бірлестігінің тәрбие жоспары бойынша Абай Құнанбаевтың туылғанына 175жыл толуына орай «Талап,еңбек,терең ой...» атты тақырыптық апталығы өтті.
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірін, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын оқушыларға насихаттау арқылы оқушыларға рух беру,өлең-жырларын мәнерлеп айтқызу арқылы көркем сөйлеуге,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Апталыққа орта буын тәрбиешілері мен 5-8 класс оқушылары толықтай жұмылдырылды. Алдын-ала тақырыптық апталықтың жоспары құрылып,әкімшілікпен бекітілді. Апталықтың алғашқы күні фойы тақырыпқа сай безендірілді, фойеде Абай Құнанбаевқа арналған «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты баннер ілініп, сонымен қатар «Абай Құнанбаевқа 175 жыл «Талап,еңбек,терең ой...» тақырыбындағы өте мағыналы стенд жасақталды. Фойенің безендірілуіне Ақжигитова Р.мен Қамбарова Д. жауапты болды.
24 ақпан күні мектеп кітапханасында апталықтың ашылуы ұйымдастырылып,оған жауапты тәрбиешілер Ғабитова В. мен Қыдыралина Б.апталықты ашты.Апталықтың ашылуы орысша-қазақша 2 тілде өтті,ашылу барысында видеофильм арқылы Абай Құнанбаевтың өміріне автобиографиялық және библиографиялық шолу жасалды.
Оның өміріне зор үлес қосқан Зере әжесі мен әкесі Құнанбай жайлы мағыналы сәттері көрсетіліп,анасы Ұлжан,алғашқы махаббаты Тоғжан,әйелдері,балалары,қазақ халқын қараңғылықтан шығару жолында жасаған жақсылықтары мен қиналған сәттері жайлы оқушылар терең мағлұматтар алды,сонымен қатар,ашылу барысында ғы бұл тәрбие сағатында,көп аса адамдар біле бермейтін қызықты мағлұматтардан да оқушылар хабардар болды.
Сабақ видеофильммен қатар, слайд материалдарымен жалғасты, көрсетілген сәттер сол бойда сұрақтармен бекітіліп, нақтыланып отырды,оқушылар белсенділік танытып,уақытылы марапатталды. Сабақ соңында апталық жоспары көрсетілген жадынамалар таратылып,апта бойына белсенді атсалысуға оқушылар шақырылды.апталықтың ашылуы мағыналы да мәнді болып,мақсатына жетті.
https://sch.edu.kz/kz/247/186-abaj-nanbaevty-tuyl-anyna-175zhyl-toluyna-oraj-talap-e-bek-tere-oj-atty-ta-yrypty-aptaly-y-tti.html#sigFreeId54440d57a5
25 ақпан күні жоспар бойынша мектеп кітапханасында тәрбиешілер Қибашева Д.мен Шаукенова М. «Абайдың табиғат лирикасы» атты класс сағатын өткізді.Бұл шарада орта буын оқушыларын тәрбиешілер Абайдың ең сүйікті,ең керемет тақырыптарының бірі – табиғат тақырыбындағы өлеңдеріне шолу жасады.
Сабақта Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін адам баласына әсем түрде жеткізе білгені суреттеле айтылды,Абай өзінің даналығы мен көркем сөзімен табиғатты адам кейпінде суреттей отырып,шынайы түрде жандандыра отырып,күздің көңілсіздігін,жаздың масатыдай жайнап құлпыруын,көктемнің жадырауын,қаhарлы қыстың аязындағы қардың сықырлауын адамға аса шеберлікпен теңестіргенін оқушыларға жеткізе білді.
Тәрбиешілер есту қабілеті шектеулі балаларға Абайдың табиғат жайлы өлеңдерін ұсынар алды,оларға алдымен әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайтын дыбыстар тыңдатып барып,оқушылар оны тапқаннан кейін өлеідерін оқып,мағынасын түсіндіріп барып,өздеріне оқытып,сездіру арқылы оларға жеткізе білді.
Жыл мезгілдерінен басқа да «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіндегі тынық түннің әсем сипатын да оқушыларға жете түсіндіре білді.Сабақта кластағы Мақсат Баймұханға қабілеті ескеріліп,жеке тапсырма берілді.Мақсат Баймұхан өзіне берілген тапсырма бойынша жыл мезгілдеріне байланысты қыс мезгілін қағаз бетіне әдемі түсіре білді.Сабақтың соңы сөзжұмбақ шешумен бекітілді.Сабақ мақсатына жетті.
https://sch.edu.kz/kz/247/186-abaj-nanbaevty-tuyl-anyna-175zhyl-toluyna-oraj-talap-e-bek-tere-oj-atty-ta-yrypty-aptaly-y-tti.html#sigFreeId2d9857c5e3
25 ақпан күні кітапханада «Многоликий Абай» тақырыбында тәрбиешілер Нысанова Г.мен Кулмаганбетова И.сабақ өткізді.Сабақ орыс тілінде өтті.Сабақ оқушылардың алдын-ала өте жақсы психологиялық даярлығынан басталды,олар жағылған майшамды жағалай бір-біріне ұсынып,біріне бірі жылу сыйлады.Жақсы даярланған слайд материалдары арқылы тәрбиешілер оқушыларға Абай данамыздың санқырлы екенін,көпқырлылығын жеткізуге тырысты.Олар оқушыларға Абайдың жазушылықпен қатар, ақын, композитор, жыршы, аудармашы,ойшыл,ағартушы, қоғам қайраткері,ел қорғаушысы,халықының қалаулысы,ақылшы,ұлы дана адам екенін айтып жеткізді.
Абайдың қара сөздері жайлы айтып,оқытты.Абайдың А.Пушкин,М.Лермонтов сияқты орыс жазушыларымен таныс болғанына тоқталып, Иван Крыловтың «Стрекоза и муровей» ертегісін қазақ балалары үшін қазақшаға аударғанын айтты.
Сонымен қатар,Абайдың ізденімпаздығын айта отырып, орыс жазушылары арқылы Батыстық шетел жазушыларының шығармашылығымен таныс болғанын жеткізді. Сабақ барысында Абайдың өлең-жырларына да тоқталып,қыз балалар Ракитянская С,Торекул Б.Калачева А. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін ым-ишара тілінде өте жақсы орындады,оған тәрбиешілер ауыз-екі қосылып әнге сүйемелдеу жасады.Сабақ соңында оқушылар сұраққа жауап бере отырып,сөзжұмбақ шешті.
Сабақ құрылымы бойынша слайд материалының көптігіне байланысты тиесілі уақыт ескерілмей,уақытынан асып кетуіне байланысты,қысқартылды.Жалпы,сабақ мақсатына жетті,ескертулер мен ұсыныстар ескеріледі деп шешілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/186-abaj-nanbaevty-tuyl-anyna-175zhyl-toluyna-oraj-talap-e-bek-tere-oj-atty-ta-yrypty-aptaly-y-tti.html#sigFreeIdd391e4be20
26 ақпан күні кітапханада орта буын оқушыларымен «Абай оқулары» тақырыбында мәнерлеп оқу сағаты өтті,оған жауапты тәрбиешілер Мажикова К.мен Жанболатова Н.Сабақ алдымен слайд материалдары арқылы Абай Құнанбаевтың өмір жылдарын,отбасын,шығармашылығын көрсетіп, оқушылардың естеріне салды.
Сабақ Абайдың өлеңдері,қара сөздері және аудармалары деген 3 кезеңге бөлініп өтті.Нашар еститін оқушылар мәнерлеп оқу сағатында Абайдың өлең-жырларынан,Абайдың қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқып,олардың терең мағыналарына тоқталды,оқыған өлеңдерінде табиғатқа байланысты теңеулер мен кейбір астарланып жазылған сөздерді қайталап оқып,мысалы: «Ақ киімді,денелі,ақ сақалды» немесе «басқан ізі сықырлап келіп қалды» деп кімді,ия нені айтып тұр Абай? деп, ал,«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «5 асыл іс» деп нені айтып тұр? «5дұшпан» деп Абай нені айтп тұр?» деп Хасанов Радмир залда отырған басқа оқушыларға сұрақ қойып,дұрыс жауаптарын алды.
Сонымен қатар,Мұстафин Қайыржан Абайдың қара сөздерін оқып,ондағы айтылған насихаттың мағынасын ашып оқушыларға жеткізе білді.Сабақта Абай Құнанбаевтың көптеген орыс жазушыларымен таныс болып,араласып,олардың жазған туындыларын қазақшаға аударғаны айтылды,соның ішінде М.Ю.Лермонтовтың «Парус» атты өлеңіне тоқталып,оның орысша нұсқасын 6 б класс оқушысы Мажитов Әділжан оқыса,артынша оның «Желкен» атты Абайдың аудармасын 8 ә класс оқушысы Базаров Тұрар оқыды да,артынша Абай тағы да қандай орыс жазушылармен таныс болды?Тағы кімнің шығармаларын қазақшаға аударды?деп сұрақ қойды.
Оқушылар И. Крылов,А.Пушкин,Л.Толстой деп дұрыс жауаптарын берді. Сабақ барысында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас» өлеңдерінің аудио жазылымы музыка ретінде қосылып,оқушылар оларды мұқият тыңдау арқылы қай өлеңі екенін дұрыс тауып айтты.Мәнерлеп оқу сағаты өте жоғары деңгейде өтті,2 тәрбиеші кезекпен-кезек сөйлеу арқылы сабақты қажетті деңгейде жүргізді.Мәнерлеп оқу барысындағы оқушылардың қолданған көрнекі құралдары эстетикалық жағынан жоғары деңгейде жасақталған.Сабақ өз мақсатына жетті.Сабаққа қатысқан оқушылар сабақтан жақсы,жағымды әсер алды.
https://sch.edu.kz/kz/247/186-abaj-nanbaevty-tuyl-anyna-175zhyl-toluyna-oraj-talap-e-bek-tere-oj-atty-ta-yrypty-aptaly-y-tti.html#sigFreeIda90073a87e
27 ақпан мектептің мәжіліс залында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты сахыналық көрініс көрсетілді.Оған барлық орта буын тәрбиешілері мен оқушылары атсалысты.Көрермендерге Абайдың туылғанынан бастап 5жасы,13жасы,есейген шағы өмір жолдары сахыналанып көрсетілді.
Сахыналау барысында тәрбиешілер бұрынғы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін,киімдерін шынайы түрде суреттеуге тырысты,рольдегілер барынша кейіпкерлердің кейпін ұқсата жеткізе білді.Зере ,Құнанбай,Ұлжан,көрші-көлем,ауыл адамдарын,есейген Абай рольдерін тәрбиешілер,ал 5жасар,13 жасар Абай мен оның айналасындағы балалар мен жасөспірімдерді оқушылар сомдады.
Ескі ағаш үй іші бұрыңғыша безендіріліп,ішінде сәби дүниеге келіп,сүйінші сұралды,азан шақырылып ат қойылды,әлди жыры айтылды,шашу шашылды,көрші-көлем келді,балалар асық ойнап,үлкендер жол қарап,13жасар Абайдың оқудан келуін күтіп,Абайдың ауылына асыға жетіп,әжесіне жүгіргенде,әжесі Зере жасөспірім Абайға әкесі Құнанбайды меңзеп,алдымен әкесіне барып амандасуы керектігін айтқанда,Абай әкесімен үлкендерше амандасып,бата беруін сұрағанын,сонымен қатар анасы Ұлжанның есейген Абайға айтқан ақылы мен үйленетін уақытының келгені туралы және әкесі Құнанбайдың оған лайықты жар таңдап қойғаны жайлы ұсынысында зор тәрбиелік мәннің жатқаны көрермендерге шеберлікпен жеткізілді.Сахналық көрініс соңы «Көзімнің қарасы» атты хормен аяқталды.Сахналық көрініс жоғары деңгейде өтіп,өз мәресіне жетті.
https://sch.edu.kz/kz/247/186-abaj-nanbaevty-tuyl-anyna-175zhyl-toluyna-oraj-talap-e-bek-tere-oj-atty-ta-yrypty-aptaly-y-tti.html#sigFreeId14ce202220
Орта буын әдістемік бірлестігінің жетекшісі Қыдыралина Б.Ж.