Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушылары «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен  бейнелеу өнерінен шеберлік сабағына қатысты.

 

Балалар мұғалімдердің жетекшілігімен түрлі әдістер мен  түрлі бояуларды пайдалана отырып, қылқаламмен  қысқы пейзаждарды  өз қиялдарынша суреттеді. Оқушылар шебер кластан үлкен әсермен оралды.

 

Осындай бірлескен шығармашылық бағыттағы іс-шаралар екінші жыл жалғасын табуда. Түрлі тренингтер, кездесулер арқылы екі мектеп оқушылары арасында өзара тығыз байланыс орнатылды.  Аталған шаралар жалғасын таба бермек.