Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде мектеп жоспарына сәйкес педагогикалық оқу өтті. Шара барысында математика пәнінің мұғалімі, тәжірибелі, жоғары санатты ұстаз Шакенова Гүлсім Қуанышқызы "Білім беру үрдісін жетілдіру арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру" тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Гүлсім Қуанышқызы жас мамандар мен тәжірибелі мамандарды екі топқа бөле отырып, сұрақ-жауап, арнайы тапысомаларды орындау арқылы сабақ барысында оқушының жекелеген қабілет танымдарын жетілдіру әдістері туралы кеңінен түсіндірді. Топ құрамындағы мұғалімдер де біліктіліткреін ортаға салды. Сергіту сәтінде тәжірибелі маман геометриялық фигуралар арқылы мінез-құлық ерекшеліктерін атап, қатысушыларды бір серпілтіп тастады.
Есту қабілетін дамыту және дыбыстардың айтылуын қалыптастыру пәнінің мұғалімі, дефектолог Есенгулова Зухра Абаевна "Коррекциялық бағыттағы сабақтарда оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігін дамыту жолдары" тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы сабақтарды қоданып жүрген тәсілдерімен таныстырды.
Шара соңында психологтар Г.Боранбаева, С.Нұржан "Біз біргеміз!", "Саусақтар сөйлейді"атты диагностикалық тренинг өткізді.
https://sch.edu.kz/kz/247/183-pedagogikaly-o-u.html#sigFreeIdd318ded352