Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде 3-13 желтоқсан аралығында Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында онкүндік өткізілді.
Онкүндік 3 желтоқсан күні "Ұлы дала ұлағаты" атты ауызша журналмен басталып, 13 желтоқсан күні "Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы" атты салтанатты жиынмен жабылды. Онкүндік аясында технология пәні мұғалімдері шебер қолдар көрмесін ұйымдастырса, класс жетекшілер мен тәрбиешілер "Мемлекеттің мәртебесі - Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Гимні" тақырыбында слайд- сабақтар мен "Мен елімнің рәміздерін қорғаймын" атты тәрбие сағаттарын өткізді. Қазақ және орыс тілі пәнінің мұғалімдері "Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздік нышаны" тақырыбында жоғары класс оқушылары арасында жазба жұмыстарын жүргізді. "Ұлылықтың бастауы - ұлы далам!" атты танымдық сағатын Жусупова Г., Каримова А., Байбатша Б. өткізіп, орта буын оқушыларына ұлы дала ұлағаты - ұлттық мәдениет, ұлттық байлық, ұлт тұлғалары туралы кеңінен түсінік берді. "Біз рәміздерді құрметтейміз!" сурет сайысына және "Желбіре, көк байрағым!" атты флешмобқа оқушылар қызығушылықпен қатысты.
https://sch.edu.kz/kz/247/181-onk-ndik-tti.html#sigFreeIda486e1cfdc