Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы және Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж»
кешенінің жылдық жоспарына сәйкес 5 желтоқсан күні сағат 10.00-да ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жүргізетін арнайы және инклюзивті оқыту мекемелерінің дефектолог, логопед, психолог т.б педагог-мамандарына арналған «Шығармашылық идеялар калейдоскобы» тақырыбында фестиваль-байқау өткізілді.
Фестивалдың мақсаты:Арнайы білім беру мекемелерінің ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелері педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсулеріне басшылық ету; білім беру үрдісінің сапасын арттыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибені арттыру.
Фестиваль-байқаудың модераторлары: Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының арнайы және инклюзивті оқыту бөлімінің әдіскері
Г.П. Еремеева, Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің әдіскері Э.А.Коблаш, мұғалім –дефектолог Г.М. Жанжигитова. Фестиваль-байқауға Ақтөбе облысының арнайы және жалпы білім беретін мекемелердің 15 педагогі қатысты. Фестиваль-байқаудың әділ-қазылар алқасы:
Әділ қазылар алқасының төрағасы, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Т.М. Кужагалиев. Әділ қазылар алқасының мүшелері: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент М.Н.Есенгулова, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының арнайы және инклюзивті бөлімінің әдіскері Г.П. Еремеева, Облыстық ПМПК-ның әдіскері А.Ш.Анесова, №15 «Жидек» МДҰ-ның логопеді.
Байқаудың бірінші бөлімінде Республикалық «Үздік педагог» байқауының коррекциялық мекемелер арасындағы жеңімпаздары Г.М. Жанжигитова., Г.Б. Каражанованың іс-тәжірибелерінің презентациялары ұсынылды.
Байқаудың екінші бөлімінде «Шығармашылық идеялар калейдоскобы» фестиваль-байқауы өткізілді. Байқау үш кезеңнен тұрды:
- Iкезең – «Менің мамандыққа барар жолым» немесе «Менің мамандығым» фестиваль-байқау қатысушыларының өзін таныстыру презентациясы.
- IIкезең – «Шектеусіз шығармашылық» шеберлік брифингі.
- IIIкезең –«Терминалогиялық марафон» зияткерлік блиц-турнирі.
Фестиваль-байқау барысында «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушыларының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Фестиваль-байқау соңында жеңімпаздар анықталды: І орын- Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақшасының тәрбиешісі Л.А. Ильясова, ІІ орын- Алға ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім-логопеді Л.А. Сурбаева ІІІ орын- Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "мектеп-интернат-колледжі" кешенінің дефектологі Ж.Е. Габдуллина иеленді. Барлық қатысушыларға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.
Э.А.Қоблаш , әдіскер
https://sch.edu.kz/kz/247/177-shy-armashyly-ideyalar-kalejdoskoby-festival-baj-auy.html#sigFreeId1ea591ba67