Балаларды күз әлемімен таныстыру, күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру, күз байлықтарымен таныстыру мақсатында 2019 жылдың 13 қараша күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің мектепке дейінгі тобында «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікке 7 бала қатысты. Ертеңгілік барысында алдын-ала ата-аналардың балалармен бірге жасаған «Алтын күз» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге табиғи материалдардан жасалған заттар қойылды. Әсем әуен ырғағымен Күз айы орманға келіп, балаларды қарсы алды. Күз айы балаларды күз ерекшеліктерімен таныстырды (жаңбыр, жапырақтардың түсуі, күз айында киетін жылы киімдері туралы түсініктер берді)
Хореограф Жанат Жалғастың жетекшілігімен балалар «Жапырақ», «Қолшатыр» билерін биледі. Ертеңгілікте балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Кім тез жапырақтарды жинайды?», «Түсін тауып қой» ойындары ойнатылды. Мұғалім дефектолог Полозкова О.В. балалардың күзге арнаған тақпақтарын айткызды және «Подбери глагол» ойынын ойнатты. Ертеңгілікте орыс тілінде оқитын топ балаларына «Кап-кап-кап» әнін топ тәрбиешісі Тулешова Ш.Д ым-ишара тілінде орындатты. Ертеңгіліктің соңында ормандағы кірпінің балаларға тосын сый жасап, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
https://sch.edu.kz/kz/247/174-altyn-k-z-merekesi.html#sigFreeId10b97a192f