"RoboGame" қалалық сайысы
2019 жылдың 19 қараша күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінңғ физика-математика факультеті ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында "RoboGame" қалалық сайысын ұйымдастырды. Аталған сайысқа Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің 6-7 класс оқушылары қатысты. Оқушының жан-жақты шығармашылық дамуында техникалық құрастырудың пайдасын насихаттау және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік мәдени ортаға бейімдеу мақсатында өткен сайыс екі кезеңде өтті. 1-кезең конструкторлардан робот жинақтау болса, 2-кезең "Сызық бойынша жүру" және "Сумо" категориялары бойынша өткізілді. Біздің оқушыларымыз аталған сайыста өздерінің робот техникасы туралы білімдерін жеткілікті көрсете алды. Сайысқа белсенді қатысқаны үшін мектеп-интернат-колледжге физика-математика факультетінің түлектері атынан 100000 теңге сертификаты тапсырылды.
https://sch.edu.kz/kz/247/168-erekshe-bilim-berudi-azhet-etetin-balalar-arasynda-y.html#sigFreeId84216f1875