Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Қамқоршыларға құрмет көрсету.
ЖҮРГІЗУШІ - Құрметті қамқоршы ата-аналар,қонақтар,ұстаздар, оқушылар, мерекеге қош келдіңіздер!
Бөтен бала мен бөтен қайғы жоқ деп ойлайтын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларға қолдау көрсету, құрметтеу және қуаныш сыйлау мақсатында мектебімізде Қамқоршы күніне арналған «Мейрімді жүрек» атты шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер!
- Құрметті қамқоршыларды мерекелерімен құттықтау үшін мектеп директоры Даутова Қарлыга Айтмухамбетқызына сөз кезегін береміз.
ЖҮРГІЗУШІ - Әрбір перзент ақылды және дана болса,ол өзіне қамқор болып отырған ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды. Біздің қамқоршы ата-аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке тәрбиелейтініне сеніміміз мол. Бар жақсылығын аямай, жылы қанатының астына алып отырған мейірімі мол жандар ортамызға қонақ болып келіп отырған Сара ханым, Жарас мырза, Марзия апай Қайыржан мен Айдананың «Аға мен қарындас» әні өздеріңізге арналады.
ЖҮРГІЗУШІ - Мектеп екінші үй десек, ұстаз ,тәрбиеші – ол өмір жолында кездестіретін екінші анаиттт. Олардың басты талабы – балаларды кез-келген жағдайда да жандүниесімен жақсы көру. Онда осы балалар туралы тәрбиешілерінен жақсы білетін адам жоқ. Ендеше сіздің назарларыңызға бейнебаяндау ұсынамыз.
1 Айдананың мектеп-интернаттағы өмірінен бір үзік сыр.
2 Қайыржанның мектептегі өмірі туралы бейнебаян
Жаңадан бұл топқа келсе де, Айданамен үлкен дос болып алған Гульдерайым Жанабайқызына сөз беріледі
2.– Қайыржанға кішкене кезінен, шыныменен екінші ана болып отырған, әрі тәрбиешісі, әрі ұстазы, әрі жетекшісі Кенжегүл Қыстаубайқызын ортаға шақырайық.
ЖҮРГІЗУШІ Құрметті балалар!Сені жан –тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген қамқоршы ата-ананың көңілін қалдыратын іс-жасасаң ,сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім тәрбиелеп отырған ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз қамқорлық көрсетіп отырған ата-ананың қадірін біліп, оларды ренжітпей,ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны деп біл!
Ойын «Ағаш жару», ішіміздегі толкын, кернеу, қорқыныш сезімдерін іштен шығару.
- Не сезініп тұрмыз?
Әлеуметтік педагогтың кұттықтау сөзі:
- Бүгінгі қамқоршылар кешімізге қош келдіңіздер! Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Оларға ризашылық білдіреміз, қолдаймыз. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға алғысымды білдіремін.
Сіздерге панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз.
Сөз кезегі біздің арамызға қонаққа келіп отырған №51 мектебінің әлеуметтік педагогы Тулепова Гульжемис Койбагарқызына беріледі.
№36 мектептің әлеуметтік педагогы Мутушева Аида Молдағалиқызына беріледі.
ЖҮРГІЗУШІ - О,қамқоршым,
Таянышым,тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім!
Мені жақсы болса екен деп қашан да,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
(Қамқорлығындағы балалар қамқоршыларына арнаған тақпақтарын айтып, сыйлықтарын береді.)
Ойын «Конфеттер»
ЖҮРГІЗУШІ - Құрметті ата-аналар! Сіздерді мерекелеріңізбен тағыда шын жүректен құттықтай отырып, адалдық пен мейрімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, кешірімді болуға шын ықылас-пейілмен тәрбиелейтініңізге сенімді екенімізді білдіре отыра, кезекті
«Шабыт» тобының орындауындағы «Туған жер» әніне береміз!
ЖҮРГІЗУШІ Әр күніңіз сәтті болсын!- дей отырып бүгінгі шарамыздың соңында Құрметті қамқоршыларды мерекелерімен құттықтау үшін сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева Айнагүл Кенесбайқызына беріледі.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
В.С. Габитова
Әлеуметтік педагог
Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені
https://sch.edu.kz/kz/247/163-mejirimdi-zh-rek-29-azan-am-orshylar-k-nine-arnal-an-sharany-stsenariji.html#sigFreeId4152a6cad4