11 қазан 2019 жылы Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Отбасым - қорғаным» деп аталатын психологтардың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг форматындағы кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру, мектеп өмірімен таныстыру.

Ең алдымен, психолог Г.Қ.Борамбаева та-аналарды мекеменің ата-аналармен осы уақытқа дейін бірлесіп жасаған жұмыстарына шолу жасалды. Ата-аналарға соңғы 3 жыл ішіндегі тәрбиелік шаралар, оның ішінде, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыс түрлері, яғни, жиналыстар, қайырымдылық акциялары, жаңа жыл, наурыз мерекелерін бірлесіп тойлау, отбасылық сайыстар, ғылыми конференциялар таныстырылды.

Екінші кезекте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Тулебаева көру қабілеті бұзылған оқушылардың оқу үрдісінің ерекшеліктері бойынша сөз етіп, ата-аналарға балаларының қандай жағдайда білім алып, қамтамасыз етіліп жатқандағы, көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған үйірмелерді айтып өтті.

Әлеуметтік педагог Г.С.Габитова көру қабілетінде бұзылыстары бар оқушылардың әлеуметтік оңалтуы бойынша біршама мәселелерге тоқталды. Оның ішінде, жеке оңалту бағдарламасын ашық түрде түсіндіріп, оқушыларға берілуге тиісті заттармен де таныстырды.

Кездесу психологтардың тренингімен жалғасын тапты. Ең бірінші «Танысу» тренингі жүргізіліп, ата-аналармен жақын таныса алдық. Одан кейін ата-аналарға «Бала сіз үшін кім?» айналмалы сұрақтары қойылып, ата-аналар тарапынан әртүрлі жауаптар алынып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар, бала тәрбиесінде орын алатын агрессивті мінез-құлыққа байланысты тренинг өткізіліп, ата-аналар өз бойындағы жағымсыз энергиядан арылды. Тренинг соңы рефлексиямен жалғасты. Бұл ретте ата-аналар алақан беттеріне балаларының есімдерін жазып, 5 түрлі қасиетін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында мектебіміздің 8 «Ә» класс оқушылары Мустафин Каиржан «Менің әкем» әнін, Хасанов Радмир «Асыл ана» ым-ишара тілінде әндерін  тарту етті. Көру қабілеті бұзылған оқушылар арасынан 0 «Б» класс оқушысы Мұхамбет-Садық Бекнұр мен 2 «В» класс оқушысы Амангельдиев Амирбек аналарына өлең-шумақтарын арнады.

Кездесудің қорытынды сөзі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Нағашыбаеваға берілді.  Бұл ретте тәрбиелік жұмыстардың ата-ана рөліндегі маңыздылығы, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оның ішінде, жиналыстар, кездесулер, қайырымдылық акциялары, жаңа жыл, наурыз мерекелері, отбасылық сайыстар, ғылыми конференциялар және 2019-2020 оқу жылында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар таныстырылып өтті.

Кездесу соңында ата-аналар өз алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарқасты.

 

Мекеме психологтары        Г.Қ.Борамбаева,  С.С.Нұржан