Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі,әлемдегі тілдер ішіндегі ең бай тілдердің бірі,қазақ халқының ана тілі.Тіл қай елде болсын,ұлтта болсын қасиетті,қадірлі.Қазақ тілі –халқымыздың рухани байлығы,атадан балаға,ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес мұра.Ол әрбір  адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны.

Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың өз ана тіліне деген  құрмет сезімін арттыру,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында Ақтөбе  облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде   бастауыш класс мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен  2019 жылдың 18 – 27 қыркүйек аралығында «Тіл – татулық тірегі»   атты тіл онкүндігі өткізілді.

18.09.19 ж  «Тіл – татулық тірегі» атты онкүндіктің ашылу салтанатына орай    бастауыш класс   мұғалімдері С.Нургалиева, С.Разакова, З.Ершекенова, А.Әлжанова оқушылар мен  мұғалімдердің көмегімен   концерттік бағдарламадайындады. Концерттік шараны жүргізген А.Әлжанова мен  З.Ершекенова  оқушыларға тіл туралы мәліметтер бере отырып,тілді әр жаста да үйренуге болатындығын айтып берді.(Слайд арқылы көрсетілді)

 

 

19.09.19 ж    «Ана тілім –  айбыным»   тақырыбындағы тәрбие сағаттарын орта  және жоғарғы буын  әдістемелік бірлестіктерінің тәрбиешілері Г.Нысанова, С.Ермаганбетова, Б.Кыдыралина ,Сейтмуратова, Қ.Нугуманова  өткізді.

 

 

20.09.19 ж.   Мектеп кітапханашысы Г.Ғ.Жунусува  0-4 класс оқушыларына  «Тіл –  тұмар,  бір шынар» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.

Оқушылар жаңа  басылымдармен танысып, тіл туралы мақал-мәтелдер оқыды, мағынасы түсіндірілді. Кітапханашы Г.Жунусова қазақтың біртуар ұлдары, дара тұлғалары А.Байтұрсынов,Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлының тіл туралы айтылған сөздерімен қорытындылады.

 

 

      21.09.19 ж    дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қ.Унгарбаев және бастауыш класс мұғалімдері И.Даулетова мен Ж.Касенованың ұйымдастыруымен мектеп спорт залында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынымен таныстырып, «Хан талапай»,  «Асық ату» ойындары ойналды. Бұл ойындарда ер балалар ішінде 8 «ә» класс оқушылары  Хасанов Радмир, Мұстафин Қайыржан  белсенділік танытты.

22.09.19 ж    «Біз – бір шаңырақ баласымыз» атты  суреттер көрмесіне бастауыш класс оқушылары  тақырыпқа сай суреттерін ұсынды.

23.09.19 ж «Менің ана тілім» кластан тыс шара  бастауыш буын ӘБ тәрбиешілері   Ж.Боранбаева, М.Тәжібаева өткізді.

 

 

 24.09.19 ж   жаратылыстану-математика әдістемелік  бірлестігінің мұғалімдері А.О.Каримова, Г.Е.Сарина, Г.Қ.Жұмабекова «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану» мұражайына ұйымдастырған саяхаттан  6-7 класс оқушылары үлкен әсермен келді. Оқушылар Ақтөбе облысының   тарихы  туралы  әртүрлі құнды мәліметтер алып, өз еліміз туралы білімдерін толықтырды.

 

25.09.19 ж  Ақын А.Құнанбаевтың 175- жылдық мерейтойына байланысты «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та,бар, қалан!» атты Абай оқулары өтті. Аталған шарада  2-5 класс оқушылары Абайдың өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, білімпаздықтарын көрсетті.  3 «А» клас оқушысы Алиева Айдана, 3 «Б» кл оқушысы Аманчин Р.,    4«А»класс оқушысы  Когисова Аружан, 4«Б» класс оқушысы Ардақ Әділет ерекше көзге түсіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Коррекциялық бағыттағы  әдістемелік бірлестік мұғалімі З.Есенкулова,Г.Каражанова өткізіп,шара соңында бірлестік мұғалімдері Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін келген қонақтармен бірге орындады.Оқушылар мен қонақтар жақсы әсер алып тарқасты.

 

 

26.09.19 ж  « Ж.Аймауытов мұрасы –ұрпақ санасында» атты  кластан тыс шарасыда Ж.Аймауытовтың 130-жыл толуына орай  гуманитарлық бағыттағы ӘБ мұғалімдері  Л.О.Қанатбаева,Г.Шотанова,Б.Е.Айткалиева өткізді.

 

 

27.09. 19 ж «Тіл –татулык тірегі»  атты тіл онкүндігінің жабылуы  болды. Бастауыш кластар мұғалімдері Г.Нурмашева,У.Турашеваның  ұйымдастырумен бұл шара үш тілде өткізілді. А.Әлжанова мен  К.Курманбаева жүргізді. Бастауыш класс мұғалімдері ( Ш.Ермуханова,А.Акшулакова) дайындаған 1 «В» және 2 «в»класс  оқушылары   өз өнерлерін көрсетті. Онкүндікке белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

 

Касенова Жанна

Бастауыш класс мұғалімдері  әдістемелік бірлестігінің жетекшісі