«Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 2019 жылдың 1 қыркүйек – Білім күніне арналған "Сапалы ұрпақ-жарқын болашақ" атты салтанатты жиын өткізілді.
Арайлы жаздың үш айын қызықты өткізген оқушылар сағынышпен алтын ұя мектебіне қайта оралды. Салтанатты жиын ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Бірінші сынып оқушылары салтанатты түрде мұғалімдер,тәрбиешілер және ата-аналарымен бірге сахна төріне шақырылды. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Алғашқы қоңырауға арналған жиынды мектеп директоры Қ.А.Даутова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасынан келген қонақтар, мектебіміздің ардақты ардагер ұстаздары Сафина Т., Қыдыралина Ш,. ата-аналар комитетінің төрайымы Нұрғалиева Л. сөз алып, оқушыларды мерекемен құттықтап, жас ұрпаққа талмай тәлім-тәрбие беріп келе жатқан ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге мектебіміздің ардақты ардагер ұстаздары Сафина Т., Қыдыралина Ш,. "Әліппе" оқулығы мен оқу құралдарын табыс етті. Салтанатты жиында оқушылардың мерекеге дайындаған патриоттық әндері орындалды. Жаңа оқу жылымен құттықтап келген «Қалалық Қазақ Саңыраулар Қоғамы» мәдениет Үйінің жанынан құрылған "Мы Вас любим" клоунада театры "Пчела" қойылымын ұсынды. Мерекелік шараның ең маңызды сәті – алғашқы қоңырауды соғу рәсімі 10 сынып оқушысы Айчанов Дамир мен 1 «а» сынып оқушысы Әкімжан Аяжанға табыс етілді.
Білім күніне арналған шара "Сапалы ұрпақ – жарқын болашақ" атты салтанатты жиын алғашқы тәрбие сағаттарына жалғасты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева А.К.
https://sch.edu.kz/kz/247/155-sapaly-rpa-zhar-yn-bolasha.html#sigFreeIdc884b29cf5