2019 жылдың 3 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы З.Н.Телеушеваның бастамасымен өткен қайырымдылық акциясына қалалық Іскер Əйелдер Кеңесінің мүшелері қатысып, мектеп ауласына бірнеше тал, жеміс ағашы көшеттерін отырғызды.


Мектеп ауласында болған сұқбатта қонақтар біздің оқушыларымызбен танысып, Art Lab галерея директоры Марина Дергач балаларды картиналар көрмесін тамашалауға шақырса, Yurtapark құрылтайшысы Жанна Изимбетова балаларды демалыс орталығына шақыратындығын жеткізді. Жас ұрпақ бойына құнды қасиеттерді сіңіруде қайырымдылықтың үлгісі болған жандарға алғысымызды білдіреміз!