2019 жылдың 2 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы түзетім есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде ұйымдастырылған Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған онкүндік ұстаздар арасындағы "Менің туған өлкем" атты танымдық ойынмен аяқталды. Коррекциялық бағыттағы пəндер бірлестігі ұйымдастырған сайысқа "Актюбинск" жəне "Парасат" топтары қатысып, білім мен біліктілігін сынға салды.  Топтар бірінші кезеңде өздерін таныстыруда шеберліктерін танытты. Бұл кезеңде «Актюбинск» тобының таныстыруы креативті, тақырыпқа сай деп танылып, қазылар алқасының оң бағасын алды.


Екінші кезеңде Ақтөбе қаласының тарихы, тарихи нысандары туралы сұрақтарға жауап беріп,  профильдер бойынша дыбыстарды ажырату арқылы сөздер мен сөз тіркестерін табу, ерін қимылынан сөйлемдерді ажырату тапсырмаларын орындады. Бұл кезеңде «Парасат» тобы блімділіктерімен озып шықты.


Үшінші кезеңде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы тақырыбында өнерлерін ортаға салды.  Бұл кезеңде екі топ ұстаздары да шығармашылықтарын көрсете білді.


Сайыс қорытындысы бойынша екі топтың да ұпай саны тең түсіп, көрермендер қошеметіне бөленді.