2019 жылдың 29 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде 8-10 класс оқушылары арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты шара өтті.


8 – класс  тәрбиешілері Нугуманова Қалампыр мен Балжанова Ақмардың  ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты: оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам және адам өмірі үшін әкелер қаупін түсіндіру, жауапкершілік сезімдерін арттыру. Шарада көрсетілген қойылымдардан оқушылар денсаулық сақтау және білім саласындағы жемқорлық ұрпақ болашағын түп-тамырымен құртатын бірдін-бір фактор екендігін түсінді.