2019 жылдың 18 сəуір күні Кеңес Одағының батыры Ə.Молдағұлованың облыстық мемориалды мұражайында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай "Ерлік - елге мұра" атты əдеби-сазды кеш өткізілді.


Аталған кешті ұйымдастырған – Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің қазақ тілі жəне əдебиеті пəні мұғалімі, 2010 жылғы "Коррекциялық білім беру ұйымының үздік педагогі" облыс әкімінің грант иегері, Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының "Асыл ұстаз" төсбелгісінің иегері, "Тарихи тұлға Бөгенбай Қарабатырұлының ерлігі мен өр рухын ұлықтауға елеулі үлес қосқаны үшін" мерекелік төсбелгісінің иегері – Мусеева Алия Мажитовна. Кешке тыңдаушылар ретінде Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, ҚР Қорғаныс министрлігі "Əскери-техникалық мектебі қатысты. Шара барысында мектеп оқушылары - "Шабыт" тобы – (Хасанов Радмир, Мұстафин Қайыржан, Ерсеріков Ерасыл) Рухқа толы «Батырлар ұраны» және «Менің әкем» әндерін ым-ишара тілінде орындады.  (Жетекшісі К.Мажикова)

.