2019 жылдың 9 сәуір күні  Ақтөбе облыстық арнайы түзетім есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған "Батыр даңқы өшпейді" атты қайырымдылық шарасына атсалысты.


Аталған шара аясында мектеп директоры Қ.Даутова мен мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, "Тарихи тұлға Бөгенбай Қарабатырұлының ерлігі мен өр рухын ұлықтауға елеулі үлес қосқаны үшін" мерекелік төсбелгісінің иегері Мусеева А.М. және еңбек пәнінің мұғалімі Аманкосов Б.Б. бастаған 10-класс және колледж топтарының оқушылары Бөгенбай батыр ескерткіші аймағына ағаш отырғызды. 

.