2019 жылдың 28-31 наурыз күндері Ақтөбе қаласында "Talаnt studio" шығармашылық орталығы ұйымдастырған "TALANTtar Alemi" халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы фестиваль-байқауына Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары «Ым-ишара тілінде əн орындау» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
0 «а» класс оқушысы НҰРМҰХАНБЕТ ДИАС «Тұлпарым» әнін орындап, 3 орынға ие болды. Жетекшісі Тажбенова Ләззат Жолдыбайқызы.
5 «б» класс оқушылары Мажитов Əділжан мен Мажитов Еділжан «Роботы» әнін ым-ишара тілінде орындап, 2 орын жүлдегері атанды. Жетекшісі Камилова Нурлыгуль Санабаевна.
8 «ә» класс оқушылары КЕҢЕСОВ МАДИЯР, ХАЛЫҚОВ БЕКЖАН «Арман қыз» әнін мәнеріне келтіре орындап, жүлделі 2 орынды иеленді. Жетекшісі Сансызбаев Азамат Болатұлы.
Қазылар алқасының шешімімен 7 «ә» класс оқушысы ХАСАНОВ РАДМИР 1 орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Жетекшісі Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы.
Ал мектеп-интернат-колледждің педагогы САНСЫЗБАЕВ АЗАМАТ Бас жүлдеге лайық деп танылды.