4 ақпан күні 5 ”а” класс тәрбиешісі Ж. Мукашева «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты:
Балаларды қауіпсіз мінез - құлық негіздеріне үйрету;
Балаларды бейтаныс адамдарға сенбеуге уйрету;
Көшеде бейтаныс адамдармен қарым - қатынас жасауда әртүрлі айла - тәсілдерді қолдана білу дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында оқушыларға келесі маңызды кеңестер ұсынылды:

Ашықтық және сенімділік – Бейтаныс адамнан келетін кез келген ұсынысқа немесе шақыруға сенімсіздікпен қарау қажет. Өзімізді қауіпсіз сезінуіміз үшін әрқашан байсалды болуымыз керек.
Жауап беру және бас тарту – Егер сіз бейтаныс адамға жауап бергіңіз келмесе, нақты әрі сенімді түрде бас тартыңыз. Мысалы: «Жоқ, рахмет, мен өз жолыммен кетемін» деп айту жеткілікті.
Қашу және қорғану – Егер жағдай қауіпті болып көрінсе, қорықпай көмек сұраңыз немесе қашыңыз. Қоғамдық орындарға жақын болуға тырысыңыз.
Ересектермен сөйлесу – Бейтаныс адаммен қарым - қатынас орнатқаннан кейін, ата - аналармен немесе сенімді ересекпен сөйлесіп, жағдайды талқылау маңызды.
Бұл сабақ оқушыларға өздерін қауіпсіз сезініп, қажет болған жағдайда көмек сұрауға қалай шешім қабылдауға болатынын үйретті. Біз балаарды әрқашан өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау жолында сенімді болуға шақырамыз!

#құқыққорғау #қауіпсіздік #балалар #қауіпсізбастарту #бейтанысадам