Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларымен дайындалған екі маңызды бейнеролик - «Иллюзия свободы» және «Закладчики. Расплата» көрсетілді!
Бұл бейнероликтер қылмыс әлеміне және есірткімен байланысты заң бұзушылықтарға қарсы күресудің маңыздылығын түсіндіріп, жастарды қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға шақырады.
«Иллюзия свободы» - Қылмыскерлердің азаттыққа деген жалған үмітін жоюды және заңсыз әрекеттердің салдары туралы ескертеді.
«Закладчики. Расплата» - Есірткі сатушылардың және закладчиктердің қылмыстық әрекеттерінің қауіпті екенін, олардың жазадан қалай құтыла алмайтынын көрсетеді.
Аталған фильмдер жас буынға өмірде саналы таңдау жасау қаншалықты маңызды екеніне ой салды, жасөспірімдерге, сондай - ақ барша қауымға құқықбұзушылықтың салдарын түсінуге көмектесіп, жауапкершілікті сезінуге бағыттайды. Фильмдерді тамашалағаннан кейін балалар негізгі сәттерді белсенді түрде талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз!
#құқыққорғау #қылмысқақарсы #құқықбұзушылық #білім #қауіпсіздік #есірткігеқарсы
https://sch.edu.kz/kz/247/1044-auipsizdik-zhajly-bejnerolikter-k-rsetildi.html#sigFreeIdc8ca6495c9