2025 жылдың 10 ақпанында 4 «А» класс тәрбиешісі А.Қ. Жетибаева біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес оқушыларымен «Жақсы мінез - сарқылмас байлық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:

Оқушыларға жақсы мінез - құлықтың маңыздылығын ұғындыру.
Адамгершілік қасиеттердің өмірде қандай рөл атқаратынын түсіндіру.
Оқушыларға өзін - өзі тәрбиелеудің, жақсы мінезді қалыптастырудың жолдарын көрсету.

Тәрбие сағаты барысында тәрбиеші балаларға жақсы мінездің белгілерін түсіндіріп, оларды өмірде қалай қолдануға болатынын айтып өтті. Оқушылар рөлдік ойындар арқылы жақсы мінез - құлықты практикада көрсетіп, бір - біріне сыпайы сөздер айтып, өз ойларымен бөлісті. Балалар жақсы мінездің адамға тек құрмет қана емес, өмірде табыс пен бақыт әкелетінін түсінді.


Қорытындысында, балалар әр адамның ішкі сұлулығы мен адамгершілігі жақсы мінезден көрінетінін атап өтті. Тәрбие сағаты барлық оқушыларға жақсы мінезді қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді!