2025 жылдың 3 - 7 ақпан аралығында “Табиғат құбылыстары” тақырыбында бастауыш сыныптарының пәндік апталығының өтті.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін сабақ үстінде қолдана отырып, танымдық іс - әрекетін қалыптастыру, табиғатқа қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету, экологиялық сауаттылықтарын арттыру.
3 ақпанда апталықтың ашылуына арналған шара өтті. Іс - шарада шараға жауапты бастауыш сынып мұғалімдері Касенова Ж. және Разакова С.бастауыш сынып оқушыларының тақырып бойынша білімдерін жаңғыртып, апта бойы өтетін ашық сабақтар мен іс - шараларда ұтымды пайдалана алатын тапсырмалар желісін ұсынды.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeIdb6bc1982e9
4 «А» класс тәрбиешісі А.К.Жетибаева «Денсаулық және мен» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты:
оқушыларға табиғат құбылыстарының адам денсаулығына әсерін түсіндіру және денсаулықты сақтау үшін табиғатпен үйлесімді өмір сүру қажеттілігін ұғындыру;
оқушылардың табиғатқа құрметпен қарап, өз денсаулығын қорғауға деген жауапкершіліктерін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар денсаулықтың тек физикалық ғана емес, сонымен қатар психологиялық және әлеуметтік аспектілерін де түсініп, салауатты өмір салтының адам өміріндегі рөлі туралы ақпарат алды. А.К. Жетибаева оқушыларға дұрыс тамақтану, үнемі дене шынықтырумен айналысу, гигиеналық талаптарды сақтау сияқты денсаулықты сақтау жолдары туралы кеңес берді.
Оқушылар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы денсаулықты сақтау мен оның маңыздылығын, денсаулықты сақтауға бағытталған ұсыныстарды орындауға, салауатты өмір салтын ұстануға өздерінің міндетті екенін түсінді.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeId47a04af810
5 ақпанда бастауыш сынып мұғалімі Әлжанова Айтолқын Қожабайқызы дүниетану сабағынан " Жасанды ортадағы қауіп - қатер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға жасанды ортаның ерекшеліктері, оның адам өміріне әсері, және осы ортадағы қауіп - қатерлер туралы түсінік беру;
оқушыларды өзінің қауіпсіздігін жоспарлау, үй жағдайында болатын қауіп - қатердің алдын алу, түрлі сақтық ережелерін сақтауға үйрету.
Сабақта интерактивті әдістер мен технологиялар қолданылып, оқушыларға түрлі тапсырмалар мен ойындар арқылы тақырыпты тереңірек түсіну мүмкіндігі ұсынылды.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeIdb27549d4f5
Бастауыш класс мұғалімі С.Е.Нұрғалиева 3”а” класында дүниетану пәнінен “Тірі және өлі табиғатта болатын маусымдық өзгерістер” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар түрлі суреттер арқылы табиғаттағы көктем, жаз, күз және қыс мезгілдеріндегі өзгерістерді салыстырып, тірі табиғаттағы (өсімдіктер, жануарлар) және өлі табиғаттағы (ауа, су, топырақ) өзгерістерге назар аударды. Оқушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысты.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeIdc88eb02b6e
05.01.25ж 3”А” сынып тәрбиешілері М.Тлеу және Г.Шагатаева “Жыл мезгілдерінің құпиясы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты:
балалардың жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейтіп,табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру;
белсенділіктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, табиғаттың өзгерістері туралы әңгімелер мен қызықты тапсырмалар ұсынылды. Әр мезгілдің өзіне тән сипаттары мен маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар жыл мезгілдеріне қатысты жұмбақтар шешіп, шығармашылық тапсырмаларды қызыға орындады.
Тәрбие сағатының нәтижесінде балалар жыл мезгілдері туралы көбірек мәлімет алып, табиғаттың өзгерістерін жақсы түсініп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін түсінді.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeIdfa7ecbdbb2
07.02.2025 ж «Табиғат құбылыстары» тақырыбындағы бастауыш буын бірлестігінің апталығы сәтті аяқталды. Апта бойы оқушылар табиғаттың ғажайып құбылыстарымен танысып, олардың маңыздылығы мен қызықты жақтарын зерттеді. Әр күн сайын оқушылар түрлі тақырыптар бойынша сабаққа белсене қатысып, шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
Апталықтың қорытынды шарасында оқушылар жыл мезгілдері болып, өздерін таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сондай - ақ оқушылар табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлілігі туралы өлең мен би арқылы өнерін көрсетті. Қызықты ойындар ойнады.
Бұл апталық балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, олардың табиғат құбылыстарын түсініп, қорғауға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды. Оқушылар өздеріне жаңа білім мен тәжірибе алды.
https://sch.edu.kz/kz/247/1037-bastauysh-klass-distemelik-birlestini-aptaly-y.html#sigFreeId684291c8a2