Орта буын тәрбиешілері У.Б.Мендикулова мен Г.Ж.Сейтжапарова «Баланың ой - пікірін ояту» тақырыбында ата - аналарды қолдау отырысын өткізді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - ата - аналардың балаларымен дұрыс қарым - қатынас орнату арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Отырыс барысында ата - аналарға арнайы дайындалған тақырыптық бейнеролик ұсынылды, онда баланың ой - пікірін оятудың маңызды әдістері мен тәсілдері көрсетілді. Іс - шараның екінші бөлігінде ата - аналар топтық және жеке ойындарға қатысып, баланың ақыл - ойын дамыту үшін қолданылатын түрлі әдіс - тәсілдерді талқылады.
Топтық ойындар арқылы ата - аналар балаларымен бірге шығармашылық тапсырмаларды орындап, олардың ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болатыны жайында тәжірибе алмасты.
Отырыстың қорытындысы бойынша ата - аналар балаларымен өзара түсіністік орнату мен олардың ой - өрісін кеңейту үшін бірқатар нақты ұсыныстар алды. #атааналардыпедагогикалыққолдау