30 қаңтар күні мекеменің ата - аналар комитетінің кезекті жиналысында балалардың қауіпсіздігі мен тәртібіне қатысты бірнеше маңызды мәселелер талқыланды:
1.Мектепте де, одан тыс жерлерде де балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару маңызды. 2.Интернеттегі қауіпсіздік.
Қазіргі Балалар интернетте көп уақыт өткізеді, сондықтан оларды кибербуллингтен, алаяқтықтан және орынсыз мазмұннан қалай қорғауға болатындығы талқыланды. Ата - аналарға балалардың онлайн әрекеттерін қадағалап, олармен тақырып бойынша үнемі сөйлесуге кеңес беріледі.
3.Сабақ кезінде телефондарды пайдалану.
Сабақ басталар алдында балалар телефондарын тапсыру мәселесі көтерілді. Бұл оқушылардың сабаққа деген назарын арттыруға және оқу сапасын арттыруға көмектеседі.
Ата - аналар бұл бастаманы қолдап, осы ережені барлық ата - аналарға хабарлайтынын айтты.
https://sch.edu.kz/kz/247/1034-ata-analar-komitetini-kezekti-zhinalysy.html#sigFreeIdf4eb1d2018