2021 жылдың 8 желтоқсан күні "Ақтөбе Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі " ММ есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі "Поющие руки" қалалық байқауын өткізді. Аталған байқауға Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің талантты оқушылары қатысып, өнерлерімен көрерменді тәнті етті.
Байқау қорытындысы бойынша 7-18 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша:
ЛЕБЕДЕВА ДАРЬЯ - Бас жүлде;
ЕРСЕРІКОВ ЕРАСЫЛ - І орын иеленсе, 18 жастан жоғары жас ерекшелігі бойынша
АТЫҒАЙҚЫЗЫ АҚБОТА - Бас жүлдені жеңіп алды.
Байқауға алғаш рет қатысып, өз тартымды өнер көрсеткен КОСТРОМИНА ЭЛЬВИРА және "Аяла " тобы мен
ШЫМБЕРГЕНОВА ТОМИРИС мақтау қағаздарына ие болды. Жүлдегерлер мен жетекшілерін құттықтаймыз!!!
https://sch.edu.kz/ru/nashi-dostizheniya/316-onerlilerbakaui.html#sigFreeId17621789fc