"Жас Қыран" және "Жас Ұлан" қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын –   өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылатын маңызды шаралардың бірі.  

"Жас Қыран" – Қазақстанның балалар мен жасөспірімдерге арналған ұйымы, оның басты мақсаты – балаларды елін, жерін сүюге, Отан алдында міндеттерін орындауға тәрбиелеу.

"Жас Ұлан" – оқушылар мен жастардың ұйымы, бұл қозғалыс еліміздегі патриоттық тәрбиенің негізін қалаушы ұйымдардың бірі болып саналады. Жиын барысында жастарға әскери патриоттық тәрбие, елге қызмет ету идеологиясы, ұлттық құндылықтар жайында насихаттау маңызды болып табылады.

2024 жылдың 12 желтоқсанында “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ оқушыларын “Жас Қыран”, “Жас Ұлан” қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Жиында оқушылар ант қабылдап, патриоттық әндер шырқалып, өлең шумақтары оқылды.

Бұл жиын  жасөспірімдер мен жастардың өз елінің патриоттары болуына, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауына ықпал етеді.